Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Жанар 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Өзім сурет өнерімен айналысамын. Жас болсам да, қазірдің өзінде 20-ға жуық жеке туындыларым жиналып қалды. Өзімді халыққа таныстыру мақсатында облыста жеке көрмемді қайда өткізе аламын?

Администратор 26.10.2011

Облыс орталығында орналасқан Шаймардан Сариев атындағы өнер және қолданбалы сәндік өнер музейінде өлкемізден шыққан кескіндемешілердің жеке көрмесі өтуде. Ал, осы музейде жеке көрмеңізді ұйымдастыру үшін музей әкімшілігіне хабарласуыңызға болады.