Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Супиев Арман 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Администратор 26.10.2011

Облыс бойынша апта сайын әр сенбі, жексенбі күндері қала және аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіп, арнайы тегін бөлінген сауда орындарынан жергілікті өнім өндірушілері өз өнімдерін ешбір делдалсыз 15-20 пайызға төмен бағамен сатуда. Жалпы, жыл басынан бастап 376 жәрмеңке өткізілді, былтырға қарағанда 2-3 есеге артық. Бұған қоса, 2 айдан бері жәрмеңкеге Астрахань обылысының тауар өндірушілері өздерінің тауарларын әкеліп сатуда. Бұл жұмыстар алда да жалғасын табады.