Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 134
  • Жауаптар: 134
  • 12.03.2013
  • 14.03.2013
  • Ақмола облысының әкімдігі_1203

Марат Исабаев 13.03.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қосман Қайыртайұлы! Қазақ тілінде оқытатын мектептерді салу жоспарда бар ма?

Администратор 13.03.2013

Бұл мәселеге ерекше назар аударылып, білім саласында мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстар атқарылуда. 2013 жылдың басында 2 қазақ мектебі қолданысқа берілсе (Целиноград ауд., Талапкер, Қоянды), 2 қазақ мектебінің құрылысы алдағы уақытта аяқталмақшы (Есіл қ-сы, Целиноград ауд., Қараөткел). 2013 жылы - 1 (Целиноград ауд., Тайтөбе), 2014 жылы 2 қазақ мектебін салу (Көкшетау, Зеренді) жоспарланған.