ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Жолдыбаева Айдана 10.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Асқар Исабекович! Мен Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенінің тұрғыны Жолдыбаева Айдана. Біздің ауылымызға табиғи газ құбырларын жүргізіп жатқанына қуанып қалдық. Биыл бұл жұмыстар екінші жыл алғасып жатыр. Ауылдық жердің көркеюіне, халықтың әл ауқатын жақсартуға бұл әрине үлкен үлес. Оған Өзіңізге дән ризамыз. Бір өтінішім осы газ құбырларын жүргізу кезінде ауылішілік жолдар қазылып, көпірлер бұзылып қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеді. Сондықтан, осы кемшіліктер жұмыстардың атқарылу барысында жөнделсе деген сұранысымыз бар.
Администратор 12.04.2013
Құрметті Жолдыбаева Айдана! Тұрбат ауыл округі Тұрбат елді мекенінің ішкі жолдары елді мекенге газ құбырларын жүргізу кезінде жолдарда пайда болған ақауларды, бұзылған көпірлерлерді қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылдың маусым айында мердігер «Түркістан Жол-Сервис» ЖШС арқылы жөнделетін болады.