Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.05.2011
- 30.05.2011
- Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Абай Мұратов 27.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан 30 мыңнан астам тұрғындары бар бірнеше ықшам аудандардан тұратын облысымыздағы ірі елді мекен. Алайда, бүгінгі таңда қаламызда жалпы білім беретін мектептердің жеткіліксіздігі анық байқалады. Сонымен бірге қала қаншалықты ірі болғанымен бір де бір мектеп-интернаттың болмауы көңілді ерекше қынжылтады. Осыған орай, Қандыағаш қаласында жаңа мектеп және интернет ғимараттарының салынуына ықпал етуіңізді сұраймыз
Администратор 28.05.2011
Мұғалжар ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) Қандыағаш қаласынан 600 орындық мектеп құрылысын салу енгізілген. Бағдарлама бойынша аталған нысанның құрылысы 2015 жылға белгіленген және құрылыс жұмыстарына қажетті 1,0 млрд. теңге республикалық бюджеттен қарастыру жоспарланған.