ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Сейтбаев Алмат 09.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Қайырлы күн Асқар Исабекұлы! Облысымыздың жылдан жылға гүлденіп келе жатқанына куә болудамыз. Сіздің сол іс-шаралардың бел ортасында жүріп, атқарған еңбегіңізге қуанып жүрміз. Төлеби ауданы, Бірінші Мамыр ауылдық округінің Жаңажол (бұрынғы Қызыләскер) елді мекеніне аудан орталығынан автобус қатынасы үзілгеніне біраз уақыт болып қалды. Ескі автобустар жиі істен шығады. Осы себепті халық сенімінен шыққаннан соң тұрғындар оны күтпей, бағасы қымбат таксиге мінуге мәжбүр. Егер автобус кестеге сәйкес уақытылы жүріп тұрса, ауыл тұрғындары автобусқа мініп артық шығынға ұшырамас еді. Осы жағдайдың оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Администратор 12.04.2013
Құрметті Алмат Сейтбаев! Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі Жаңажол елді мекенінен аудан орталығына дейнгі қоғамдық көлік қатынасы тиімсіз болғандықтан уақытша тоқтатылған болатын. Тасымалдаушы «Төлеби Автобус Паркі» ЖШС берген мәліметіне сәйкес, аталған бағыттағы қоғамдық көлік қатынасы биылғы жылдың 10 сәуірінен бастап қайта қалпына келетін болады.