ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Ыбрахим Икрамидинович 09.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Ассаламуалейкум Асқар Исабекұлы! Менің сұрағым "Қол жетімді баспана 2020" мемлекеттік бағдарлама аясында жас отбасы бағыты бойынша. 1 ұл 1 қызым бар осы бағдарлама аясында басты арманымызға жетсек дейміз. Осы бағдарлама каншалықты іске асырылады жане қанша уақытта. Менің ең басты сұрағым жасым қазір 28-де бұл бағдарлама 29 жасқа дейін екен. Сонда мен қазір кезекке тұрсам келесі жылы бұл бағдарлама қалай болады екен? Мен осы бағдарламамен баспаналы болуға мүмкіндігім бар ма? Алдын ала РАХМЕТ
Администратор 12.04.2013
Құрметті Ыбрахим Икрамидинович! «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында «жас отбасы» санаты бойынша жас отбасыларды сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның Ережесіне сәйкес, тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінен төлем қабiлетiн растаған жас отбасыларға, тұрғын үй құрылысы аяқталған соң, жиналған балдың санын анықтап тұрғын үй қомиссиясымен пәтер бөлінеді. Бағдарламаға қатысу үшін жас отбасыларға қойылатын талаптар: - өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29-ға толмау болуы шарт; - некеге тұрғанына кем дегенде екі жыл толуы қажет; - олардың екеуі де, отбасының өзге мүшелері де өтініш беріп отырған жерде тіркелуі тиіс. - ерлі-зайыптылар мен отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда басқа баспанасы болмауы шарт; - үй берілгеннен кейін, жас отбасы 6 айлық төлем кепілдік жарнасын төлейді; - отбасының жиынтық табысы төменгі күнкөріс шегінің 3-не тең болуы, ең көп дегенде олардың айлық табысы 12 еселенген төменгі күнкөріс шегінен аспауы тиіс. Егер, Сіз жоғарыда көрсетілген талаптарға сай және құжаттарды тапсырған мезгілде 29 жасқа толмаған болсаңыз, бағдарламаға қатысып пәтер алу мүмкіндігіне ие боласыз. Кезекке тұру мәселесі бойынша өтініш пен құжаттарды тапсыру үшін Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторына хабарласуыңыз қажет. Мекен-жайы: Республика даңғылы 6а үй, 4 бөлме.