АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Мурзагулов 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Есет ауылының тұрғыны Айдаралин Сағитжан боламын. Елімізде халқымыздың әл-ауқатын арттыру бағытында орталықтан шалғайда орналасқан елді-мекендерге электр желісін тарту, таза ауыз сумен қамту бойынша жемісті жұмыстар жүзеге асуда. Осының негізінде Есет ауылына жуық арада көгілдір отын әкелінер ме екен деген сауалымды жолдағым келеді.

Администратор 16.05.2013

Елді-мекендердің инфрақұрылым жүйесін жетілдіру мақсатында жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Шалқар ауданы бойынша Есет ауылына табиғи отынды жеткізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірлену үстінде. Алдағы уақытта тиісті қаражат көздерін қарастырып бұл жобаның жүзеге асырылуы назарға алынатындығын жеткіземін.