Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 14.05.2012
  • 17.05.2012
  • Акимат Актюбинсткой области

Копеков Жаңбырбай 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бауыржан Әлімұлы! Жаңаөзеннен көп балалы әкемін, тәрбиелеп отырған үлкен қызым Ақтөбе қаласында мед.академияға өз күшімен оқуға түсіп, қазіргі таңда 4-курс студенті. Екінші қызым ағымдағы жылы, яғни 2012 жылы 11-сыныпты өте жақсы деген бағамен аяқтады, алайда өз еркімен ҰБТ тапсырудан бас тартты. Ендігі арманы (ағылшын тілін жетік меңгереді) Малайзия еліне барып білім алғысы келеді, әрине баланың қолын қақпай оқытқым келеді. Осы жағдайда сұрақ туындайды: "Мемлекет тарапынан немесе облыс көлемінде ұйымдастырылған осындай шетелдерде білім алғысы келетін жастарға демеушілік көмектер бар ма? Болса қандай?"

Администратор 14.06.2012

Құрметті Жаңбырбай Копекұлы! Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына сәйкес мектеп бітіруші түлектерге жыл сайын білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешені және әлеуметтік қорғау салалары бойынша Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында облыс әкімінің грантымен білім алуға гранттар бөлінеді. Алайда Сіздің қызыңыз ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспағандықтан, облыс әкімінің грантымен оқыту үшін көмек көрсету мүмкіндігі болмайтығы қаперіңізге беріледі.