АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 28
- Жауаптар: 28
- 13.05.2013
- 15.05.2013
- Ақтөбе облысының әкімі
Отажанов 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:
Жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін не жасалып жатыр?
Администратор 16.05.2013
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының жаңа бағыттарының бірі сатып алу құқығымен жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үйлер құрылысы болып табылады. Жоғарыдан ұсынылған көрсеткіштерге сәйкес, мұндай тұрғын үйлер құрылысының 2013-2020 жылдарға арналған көлемі 103,0 мың ш/метрді (бұл 2 мың пәтерден астам) құрайды. Құрылысты қаржыландыру республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылып жатыр. 2012-2013 жылдарға арналған тұрғын үйлер құрылысының бұл түрі тек облыс орталығында жоспарланған. Әкімдіктердің қызығушылығына қарай бұл тұрғын үйлер облыс аудандарында да салынатын болады. Жас отбасыларға арналған тұрғын үйлер үшінші немесе төртінші сыныптағы жайлылық деңгейінде болуы тиіс, яғни құрылыстың және оны сатудың 1 ш/метрінің құны 90,0 және 80,0 мың теңгені құрайды. Дайын тұрғын үйді сатып алу тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 2012 жылы «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы басталды: бұл 2013 жылы 11,3 мың ш/метрді пайдалануға бере отырып, 216 пәтерлі № 21 В,Г,Д тұрғын үйі.