ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Бейсекул Ахметова 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Облыстың медициналық мамандарының білімі мен тәжірибесін жоғарылату мақсатында оқыту орталықтарын ашылатыны туралы мәселе шешімін тапты ма?
Администратор 12.04.2013
Аналар және нәрестелер өлім-жітімін төмендету, әйелдер мен ерте жастағы балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, білімді, практикалық дағдыны жетілдіру, дипломнан кейінгі үздіксіз оқуды қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта облыста №1 ОПО және Облыстық балалар ауруханасының базасында 2 тренинг-орталық жұмыс істеуде. Облыстық онкологиялқ диспансердің базасында аудандық онкологтарды, маммологтарды, рентгенологтар мен рентген – лаборанттарды, акушерлерді, гинекологтарды, эндоскопист-дәрігерлерді, лаборанттарды білімі мен тәжірибесін жоғарлату мақсатында, Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету стансасының базасында медициналық мамандардың халыққа көрсетілетін жедел және шұғыл медициналық көмектің сапасын артыру және практикалық дағдыларын жоғарлату мақсатында симуляциалық класстар ашуға, облыста жоғары туу көрсеткішіне, аналар мен нәрестелер өлім-жітімінің жоғары деңгейіне байланысты, облыстың медицина қызметкерлерін тиімді перинаталдық технологиялар бойынша оқытып-үйретумен уақтылы және толық қамту мақсатында №4 ОПО базасында қосымша симуляциялық орталық ашуға барлығы - 66,6 млн. теңге қажетілігі анықталып сәуір айында өтетін бюджетті нақтылауға ұсыныс енгізуге дайындалуда.