ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция

  • Сұрақтар: 44
  • Жауаптар: 44
  • 09.04.2013
  • 11.04.2013
  • Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов

Ержан Алиев 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыста мүгедек-жарымжан, психикалық ауытқулары бар азаматтарға жағдай жасау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

Администратор 12.04.2013

Шымкент қаласында 200 орындық мүгедек-жарымжан азаматтарды оңалту орталығын салу жөнінде шешім қабылданып, құрылыстың ЖСҚ-ына 15,0 млн.теңге бөлініп, әзірленуде. Сонымен қатар, биылғы жылы Кентаудағы мүгедек-жарымжан азаматтарға арналған кәсіптік лицейге 20 орындық монша салып беруге 59,5 млн.теңге, Шымкент және Түркістан қалаларындағы психикалық ауытқулары бар азаматтарға арналған мекемелерге әр қайсысына 110 орындық жатын корпусын салу жоспарланып, ЖСҚ әзірлеуге 4,0 млн.теңгеден бөлінді.