ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Талгат Бексултан 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Шымкент қаласынан Қаратөбе тас жолына темір жол арқылы өтетін көпірде үнемі автокөліктер кептелісі орын алып, қиыншылықтар туғызуда. Осы мәселе өз шешімін тапса.
Администратор 12.04.2013
Құрметті Талғат! 2012 жылы Шымкент қаласындағы автокөлік кептелістерін азайту мақсатында автожолдарды дамыту бойынша менің тарапымнан тиісті тапсырмалар беріліп, алдағы атқарылатын жұмыстардың тізімі жасалып, 2013 жылы аталған жобалардың ЖСҚ-ын әзірлеуге облыстық бюджеттен тиісті қаржылары қарастырылды. Оның ішінде, Сіз көтеріп отырған көпірді қайта жаңғыртудың ЖСҚ-ын әзірлеуге 10,0 млн.теңге бөлініп, аталған мәселе 2014 жылы өз шешімін табатын болады.