ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.И. МЫРЗАХМЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметовтің қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 44
- Жауаптар: 44
- 09.04.2013
- 11.04.2013
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. И. Мырзахметов
Оразбаева Жанар Кудеровна 11.04.2013, Сұрақ нөмірі:
Саламатсыз ба?, Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолжетімді баспана туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жиі айтуда. Мен 2007 жылы құжаттар тапсырған болатынмын, алайда барған сайын дұрыс жауап ала алмаймын. Менен кейінгі жылдары кезекке тұрғандардың біразы үймен қамтамасыз етіліп, жаңа үйде қоныс тойларын тойлап тұрып жатыр. Мен баспанаға қол жеткізе аламын ба? Өзім мемлекеттік органда қызмет атқарамын, айлық кірісім де жетеді. Менен кейінгі жылдары кезекке тұрып, менен бұрын үй алып жатқандардың сыры неде екен..........
Администратор 12.04.2013
Құрметті Жанар Кудеровна! Сізге 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша қалалық тұрғын үй комиссиясының шешімімен пәтер бекітілген. Тұрғын үйдің құрылысы аяқталған соң жоғарыда көрсетілген пәтерді рәсімдеу жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан, осы мәселе бойынша толық мәлімет алу үшін Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторына хабарласуыңызға болады. Мекен-жайы: Республика даңғылы 6а үй, 2 бөлме.