АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Алтынбаев 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны Досжан Қазбағанбет боламын. Елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды әлеуметтік, экономикалық жобалардың куәсі болып келемін. Өз баяндамаларыңызда атап көрсеткеніңіздей атқарған істерімізден әлі де атқарар жұмыстар жеткілікті. Солардың бірқатары елді-мекендерге инфрақұрылым желісінің игіліктерін ұсыну болып табылады. Осы орайда Шалқар қаласының іргесінде орналасқан Жомарт елді-мекеніне табиғи газдың тартылуы бойынша жұмыстардың барысы жөнінде білгім келіп еді.

Администратор 16.05.2013

Шалқар қаласы даму перспективасы жөнінен болашағы зор шаһар. Баршамызға белгілі Жезқазған-Бейнеу теміржол желісінің аудан территориясымен өтуі кемелді келешекке үлкен үміт сыйлайды. Жомарт елді-мекеніне табиғи отынды жеткізу күн тәртібінде тұрған мәселе болып табылады. Биылғы жылдың соңына қарай жергілікті жұртшылықты жақсылыққа кенелер қуанышты күн күтіп тұр деп айтуға болады.