Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Болат 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

-Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Салауатты өмір салтын насихаттауға, спорттық бәсекелесті жандандыруға, талантты жастардың танылуына жол ашып, спорт кешендері, спорт алаңдары күн санап бой көтеруде. Газет бетінен оқыдым, соңғы жылдары облыста 20 шақты спорттық ғимараты салынған екен. Оның ішінде әрбір атыраулық мақтаныш тұтатын әлемдік стандарттар бойынша бассейндер, қала мен барлық аудан орталықтарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, мұзайдыны сарайы, ескекпен жүзу базасы, спорт залдары мен алаңдар, мекеп жанындағы және үйлердің аулаларындағы спорт алаңшалары бар. Қарап отырсаңыз, оның бәрінде жастардың, балалардың бос уақыт өткізбей, спортпен шұғылданып жатуы қалыпты дәстүрге айналған. Аудан орталықтарының бәрінде спорт кешендері салынған. Ендігі жерде шағын елді мекендерді спорт залдарымен қамтамасыз ету қалып, олардың құрылысын таяудағы 2 жылда жоспарлап отырғаныңызды біліп қуанып отырмыз. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары футбол, волейбол, баскетбол, хоккей командалары бас жүлделерді иеленіп, чемпион атанды. Кәсіпқой спортшыларымыз олимпиада жеңімпаздары атануда. Атыраудың спорт тарихында тап осындай үлкен жеңістер болып көрген емес. Одан басқа жан-жақтан бапкерлер, спорт мамандарын шақыртып, оларды да қолдап, тұрғын үй беріп, қолдан келген көмекті көрсетіп жатырсыз. Сонымен қатар белсенді халықтың 40% бұқаралық спортпен шұғылданып, олардың саны 4 есе өскен. Міне, бұның бәрі үлкен жетістік, биік көрсеткіш, халықтың спортқа, өз денсаулығына деген көзқарасының түбегейлі өзгергенін білдіреді. Осының бәрі - Сіздің адал да тынымсыз еңбегіңіздің нәтижесі. Облыстың спортшылар қауымдастығы атынан Сізге зор ризашылығымызды білдіремін. Ел игілігі үшін атқарып жүрген еңбегіңізге жеміс, абырой тілеймін! Сіздің қолдауыңыз облыс спортшыларына үлкен сенім мен үміт жүктейтінін түсіне отыра, алдағы уақытта спортшыларымыз ел үмітін ақтайды деп сенім білдіремін. Енді облыста 40-50 жылға ірі спорт нысанын салуды қажет жоқ, толық қамтылғанын оқып жатырмыз. Енді алдағы міндет - кәсіби спортшыларды көптеп дайындау, бұқаралық спортты одан әрі жандандыру. Тек бір мәселе - барлық спорт түрлері үлкен жетісіктерге жетіп жатырғанда, футболдың жағдайы мәз емес. Бұл бүкіл футбол сүйер жанкүйерлерді мазалайтын сұрақ. Осы туралы не айтар едіңіз? Б.Мұхамбетқалиев Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, спорт шебері, аға бапкер