Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Асылбек Тажин 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
- Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Сіздің қолдауыңызбен әр ықшамауданға өз спорт кешендері салынуда. Бұл - тамаша бастама. Біздің ауылымыздан да спорт кешені бой көтерді. Геолог кентінің тұрғындары, әсіресе, балалар Сізге дән риза. Білгіміз келетіні : бұл спорт кешені қашан іске қосылып, халықты қуантады?
Администратор 26.10.2011
Бүгінгі күні спорт саласына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп отыр. Елбасымыздың өзі бұқаралық спортты дамытуға тапсырма беріп, өскелең ұрпақтың спортпен айналысуын баса тапсырып айтқан болатын. Геолог кенті - кезінде өз алдына дербес аудан болып келген ірі мекен. Ол жерде спорт кешенін тұрғызу - Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында облысымызда салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту саясатын алға қойып, жүйелі түрде іске асырылып отырған жоспарлы істердің бірі. Спорт кешені жалпы пайдалануға дайын. Жеңіл әктеу-сырлау жұмыстары аяқталғаннан соң, жақын арада салтанатты түрде облыс тұрғындарына табыс етіледі.