Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Абуов Талгат 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
«Нұрсая» ықшамауданында мектеп салына ма? Қашан?
Администратор 26.10.2011
Өзіңізге мәлім, «Нұрсая» - қаланың қарқынды дамып келе жатқан, болашағы мол аумағы. Бұл соңғы 2-3 жылдықта пайда болған жаңа қалашық. Бұл жерде су, газ, жарық, жылу, канализация, жол – барлық жағдайдың барлығы жасалынды. Бұл ауданда болашақта 40 мың халық тұратын болады. Әлеуметтік нысандарды бұл жерден көптеп салып жатырмыз. Балабақша проблемасын толықтай шештік. Жаңадан салынған көп қабатты үйлердің 1 қатарларының бәрі балабақшалар, шағын орталықтар ашылады. Одан басқа да мектеп салу ісі тұр. Бұл 2012-2014 жылдардың жоспарында қарастырылған. Әзірше, оқушыларының мектепке қатынасын жақсартуы үшін жолаушылар тасымалы маршруттарының санын көбейтіп, үздіксіз жүруін қамтамасыз етудеміз. Ал мектеп құрылысын көп кешіктірмей бастаймыз.