АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Қапаров 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Архимед Бегежанұлы! Мен қазір жұмыссызбын. Жұмыссыз жастар биыл «Жасыл ел» мемлекеттік жастар бағдарламасы бойынша жазғы маусым кезінде жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар деп естідім. Осыған байланысты «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қай жерге барып, кімге жолығуыма болады?

Администратор 16.05.2013

Бұл үшін сіз, алдымен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығып, сол жерде 2013 жылғы жазғы маусымындағы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарына қабылдау бойынша өтінішіңізді беруіңізге болады.