АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Т. МҰСАХАНОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облысының әкімі А.Т. Мұсахановтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

• Сұрақтар: 44
• Жауаптар: 44
• 17.04.2013
• 19.04.2013
• Алматы облысының әкімі

Капаров С. 18.04.2013, Сұрақ нөмірі:

• 0

Облыста спорттық ғимараттар саны қанша және 2013 жылы қандай жаңа ғимараттардың құрылысы жоспарлануда ?

Администратор 19.04.2013

Облыста спорттық ғимараттар саны қанша және 2013 жылы қандай жаңа ғимараттардың құрылысы жоспарлануда? Алматы облысында спортпен айналысу үшін 3185 спорттық құрылым, соның ішінде:2 Спорт сарайы, 1 теннис корты, 18 стадион, 13 спорт кешені, 8 спорттық құрылымдар кешені, 251 ату тирі, 727 спорт залы, 39 бассейн (16 жабық, 17 ашық), 1909 жазықтық құрылым және т.б. халыққа қызмет көрсетуде.
2013 жылы Төмендегі нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
-Алакөл ауданының Үшарал қаласындағы «Сымбат» стадионын қайта жаңғырту.
-Талдықорған қаласындағы қосалқы футбол алаңын қайта жаңғырту
-Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы БЖСМ базасын қайта жаңғырту
-Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені мен Аққайнар ауылындағы спорт кешенінің құрылысы.
-Талдықорған қаласындағы көгалдағы хоккей алаңы мен стенд ату және ұлттық ат спорты базасының құрылысы.
Текелі қаласындағы скалодромы бар туризм мектебі ғимаратын және орталық стадионын қайта жаңғырту.