БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.А. НОҒАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 52
- Жауаптар: 52
- 26.08.2013
- 28.08.2013
- Аким Западно-Казахстанской области
Марал 28.08.2013, Сұрақ нөмірі:
Қайырлы таң, Нұрлан Асқарұлы! Мен Павлодар қаласында тіркелгенмін, жолдасымның жұмысына байланысты Орал қаласына көшіп келдік, қазір денсаулығым нашарлап жүр, жергілікті емханада тегін емделе аламын ба?
Администратор 28.08.2013
Құрметті Марал! Cіз денсаулығыңыздың нашарлауына байланысты, осы уақытта тұрып жатқан мекенжай бойынша жергілікті емханаға жолығуыңыз қажет. Сол мекемеде Сізге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде шұғыл медициналық көмек ақысыз көрсетіледі. Сонымен қатар, денсаулығыңыз жақсарғаннан кейін Сіз тұрғылықты мекен-жайыңызда орналасқан бастапқы медициналық ұйымға тіркелу мүмкіндігіңіз бар. Сондай-ақ, нақты көмек көрсету үшін Сізден тұрғылықты мекенжайыңыз, аты-жөніңіз, байланыс телефоныз жөніндегі мәліметтерді oblzdrav@westkaz.kz сайтына жіберуіңізді өтінеміз.