АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 55
  • Жауаптар: 55
  • 26.09.2013
  • 30.09.2013
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы

Бықытжан Сәкенов 27.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Зәуреш Жұманәліқызы, Сізден сұрайын дегенім «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы жұмыссыздарға қандай көмек көрсетеді?

Администратор 30.09.2013

Құрметті Бақытжан! Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алматы қаласында Картамен қарастырылған төрт бағыттың үшінші бағыты жүзеге асырылуда – бұл «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу». Бағдарламаның негізгі мақсаты- өз бетімен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды, оның ішінде нысаналы топқа жататындарды жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға ынталандыру. Қазіргі уақытта қатысушылардың 94 пайызын жұмыссыздар құрайды, ал қалғандары – аз қамтылған азаматтар. Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 2626 адамды құрайды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 632 адам жұмыс істейді, жастар тәжірибесінде 773 адам жұмыс істейді, кәсіптік даярлау курсына 480 адам жіберілген, оқу орындарында 741 адам оқып жатыр.