МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
Ниязова Қанбибі 27.06.2013, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе! Мен Ниязова Қанбибі Есболайқызы, Ақтау қаласының тұрғынымын. 2003 жылдан бері Ақтау қалалық әкімшілігінде муниципалдық пәтер алу кезегінде тұрамын. Қазіргі таңда 97ші кезектемін. Енді сұрақ: 19ш/а-дағы құрылысы біткен үш тұрғын үй қашан халықтың пайдаланылуына беріледі? Жалпы биыл кезекте тұрған адамдарға пәтерлер берілеме, жоқпа? ММГ АҚ-на жұмысқа қалай орналасуға болады? Менің отбасымда менен басқа жүмыс жасайтын адам жоқ. Қазіргі таңда жұмыссызбын. Жолдасым жоқ. Студент қызым бар. Баспанам жоқ, пәтер жалдап тұрамын. Ақшам жетпейді. ММГ-ге жұмысқа орналасуға көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Администратор 27.06.2013
Құрметті Қанбибі Ниязова! 19 шағынаудандағы құрылысы түгелдей бітіп, қолданысқа берілгелі отырған екі үй. Үшінші үйдің құрылысы түгелдей әлі біте қойған жоқ. Қазіргі таңда қолданысқа берілетін екі үйдің құжаттары рәсімделіп, қалалық әкімдіктің теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. Шамамен, шілде айының 20 жұлдызынан кейін толық біткен екі үй өз иелерін қуантады деп отырмыз. Үй тізім бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Сұрағыңызға рахмет!