СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ С.С. ЕСКЕНДІРОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Сапарбекұлы Ескендіровтің қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 53
  • Жауаптар: 53
  • 07.08.2013
  • 09.08.2013
  • Солтүстік Қазақстан облысының әкімі - Самат Сапарбекұлы Ескендіров

Жанат Бисинбаев 07.08.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мені "Отау ТВ" Ұлттық спутниктік теледидар желісі мәселесі алаңдатады. Атап айтсақ, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды абоненттік приставкалармен тегін қамтамасыз ету қашан жүргізілмек?

Администратор 08.08.2013

Құрметті Жанат! "Телерадиохабар тарату туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды ҚР Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша абоненттік телевизиялық приставкалармен қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде "әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды телевизиялық приставкалармен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы" ҚР Қаулысы Үкіметте бекітілген жоқ. Осыған орай, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды цифрлік жабдықтармен қамту жұмысы кейінгі уақытқа шегерілді.