АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 55
- 26.09.2013
- 30.09.2013
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы
Мәдібек Нұрғалиев 27.09.2013, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе! Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде коммуналдық қызметтердің қандай түрлері ескеріледі және тұрғын үй көмегінің көлемі қалай анықталады?
Администратор 30.09.2013
Алматы қаласында тұратын тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын аз қамтылған азаматтарға кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметті пайдалануға, коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінің шегінде және тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормалары шегінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланудың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің төлемі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметті пайдалану төлемдерін өтеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабына сәйкес, коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер болып табылады. Аталған коммуналдық қызметтер тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескеріледі. Тұрғын үй көмегінің көлемі кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемақысы, өтемақылық төлемдермен қамтамасыз етілген нормалар шегінде коммуналдық қызметті пайдалану және отбасылардың осы мақсаттағы шекті жол берілетін шығыстар деңгейінің төлем сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 2013 жылдың 1 қыркүйегіне тұрғын үй көмегі 3575 адамға тағайындалып, 61,7 млн. тенге игерілді.