МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 25.06.2013
- 27.06.2013
- Маңғыстау облысының әкімі
ӘДЕБИЕТОВ ЕРМЕК КАБИДУЛЛАҰЛЫ 26.06.2013, Сұрақ нөмірі:
АССАЛАУМАГАЛЕЙКУМ! МЕН ӘДЕБИЕТОВ ЕРМЕК КАБИДУЛЛАҰЛЫ 15,09,1990 ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІМ. МЕНІҢ КОЯЙЫН ДЕГЕН СҰРАҒЫМ: МЕН ЖҰМЫССЫЗБЫН. БАРМАГАН ЖЕРІМ ЖОҚ, ТУЙІНДЕМЕЛЕРІМ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ. ОТБАСЫМ БАР. ӘЙЕЛІМ АҚЫЛЫ ОҚУДА ОҚИДЫ. АНАМ ЗЕЙНЕТКЕР! БІТІРГЕН МАҒАНДЫҒЫМ ТЕХНИК-ТЕХНОЛОГ. МЕНІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫН!
Администратор 27.06.2013
Құрметті Ермек Қабидоллаұлы сұрағыңызға көп рахмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамту бағытына арналған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жүзеге асып келеді. Аталған бағдарлама аясында өз жеке кәсібін ашуға ниет білдірген немесе еңбекпен қамтылу бағытында тұрғындарға бірнеше көмек түрлері қарастырылған. Солардың бірі кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сондай-ақ жеке кәсібін ашуға 3 млн теңге көлемінде ең төменгі пайыздық үстемемен шағын несие беру. Осылайша халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Тағы бір бағыты әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырушы кәсіпорындар арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғындарды жұмысқа орналастыру. Осы аталған мемлекеттік бағдарлама аясында Сізді жоғарыда айтылып өткен көмек түрлерімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Қазіргі таңдағы халықтың үлкен сұранысына ие болып отырған мұнай-газ өндіру саласына тұрғындардың барлығын қамту мүмкін еместігін қаперіңізге бере отырып, халықты жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысу жолдарын ұсынамыз. Осыған байланысты Қарақия аудандық жұмыспен қамту бөліміне хабарласуыңыз қажет. Құрық ауылы, Досан батыр көшесі 4 үй. Байланыс телефоны 872937 21561 Бөлім басшысы Қайрат Рысбаев Құрметпен, А. Айдарбаев.