МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 25.06.2013
  • 27.06.2013
  • Маңғыстау облысының әкімі

ТҰРҒАНБАЕВ ЖАҚСЫЛЫҚ СЕРІКҰЛЫ 26.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

ҚҰРМЕТТІ А.С. АЙДАРБАЕВ, МЕН ТҰРҒАНБАЕВ ЖАҚСЫЛЫҚ СЕРІКҰЛЫ 1988 ЖЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІМ. ОТБАСЫМДА 6 АДАМ БАР. АТА-АНАМ,ІНІМ, ЖҰМЫССЫЗ. ӘЙЕЛІМ БАР. АҚЫЛЫ ОҚУДА ОҚИДЫ. ЕҢ БОЛМАСА 1 ҮЙДЕН 1 АДАМДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН. БАРМАҒАН ЖЕРІМ ЖОҚ . МАМАНДЫҒЫМ ЖОҒАРҒЫ ЭКОНОМИСТ, МАШИНИСТ-ПОДЬЕМНИК , В.С.Е КАТЕГОРИЯЛАРЫМ БАР. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫН.ЖАУАП КҮТЕМІН.

Администратор 27.06.2013

Құрметті Жақсылық Серікұлы сұрағыңызға көп рахмет ! 2012 жылдың ақпан айында Қарақия ауданы әкімдігінің бастамасымен аудан әкімдігі, «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ және «АктауНефтеСервис» ЖШС өзара бірлескен түрде жұмыс тобын құрды. Аталған жұмыс тобының негізгі мақсаты, отбасында бірде-бір адам жұмыс жасамайтын, мүжәлсіз отбасы мүшелерінің бірін жұмыспен қамту болып табылады. Сіздің өтінішіңізге орай отбасыңыздың әлеуметтік жағдайын ескере отырып осы аталған жұмыс тобының қарауына ұсынатын боламыз. Дегенмен, Сізді жоғарғы оқу орынын бітіріп келген жас маман ретінде мемлекет тарапынан қолға алынып отырған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жастар іс тәжірибесі жұмыс орындарын ұйымдастырушы кәсіпорындарға мамандығыңызға сәйкес жолдауға мүмкіндік бар. Осыған байланысты Сіз өзіңіз тұратын ауданның жұмыспен қамту бөліміне хабарласуыңыз қажет. Байланыс телефоны 872937 21561 Бөлім басшысы Қайрат Рысбаев