АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Алибек 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Хромтау қаласы моноқалалар тізіміне енді деп естиміз. Бұл қала тұрғындарына не береді? Қала көшелерін ретке келтіру, тазалау, балаларға ойын алаңдарын дайындау жұмыстары жүре ме?

Администратор 16.05.2013

ҚР Үкіметінің «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылға арналған бағдарламасына» сәйкес Хромтау қаласының кешенді даму жоспары әзірленді. Кешенді жоспарға сәйкес 2012 жылы 16 балалар ойын алаңы салынса, биылғы жылы құны 20 млн. теңге қаржыға 8 балалар ойын алаңын салу жоспарда тұр. Конкурс жарияланды, құжаттар жиналып жатыр. Ал қаланы абаттандыру мен асфальттау жұмыстарына биылғы жылы 50 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға Есет батыр, Л.Чайкина, Ағайынды Жұбановтар, Уәлиханов, Әуезов, Шиловский көшелері мен Абай даңғылы бойындағы көпқабатты үйлерге абаттандыру және асфальттау жұмыстары жүргізілетін болады.