АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Казыбаев 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қалада жаңа бассейн, мұз айдыны салынып жатыр деп естиміз. Олар қашан қолданысқа беріледі?

Администратор 16.05.2013

2012 жылы «Батыс-2» ықшам ауданында жүзу бассейнінің құрылысы басталды. Жоба бойынша 50 метрлік 10 жүзу жолы және көрермендерге 350 орын қарастырылған. Құрылыс екі жылға есептелген, пайдалануға беру мерзімі 2013 жылдың желтоқсан айы. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында Мұз айдыны құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Мұз айдыны «Батыс-2» ықшам ауданында, «Дина» гипермаркетінің жанында орналасады. Жоба бойынша 61х30 м. мұз алаңы және 1350 көрерменге арналған орын қарастырылған. Жобаны жүзеге асырған жағдайда жыл бойы табиғи мұз алаңында доппен және шайбамен хоккейді, керлингті, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және т.б. қысқы спорт тұрлерін дамытуға мүмкіндік туады.