АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.Б. МҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Ақтөбе облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 28
  • Жауаптар: 28
  • 13.05.2013
  • 15.05.2013
  • Ақтөбе облысының әкімі

Алдиярова 15.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Хромтау ауданына қарасты Қызылсу ауылының тұрғындарын бірнеше жылдан бері ауыз су мәселесі толғандыруда. Биылғы жылы су құбырын тарту мәселесі қаншалықты шешімін табады?

Администратор 16.05.2013

Аталған елді мекенге су құбырын тарту жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттар дайын, мемлекеттік сараптама алынды, енді тек республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда, мәселе оң шешімін табады.