АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Уйсенов Салауат Хамиевич 30.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Саламатсызба? 2012 жылы Еркінқала селолық округінен жер телімін кезек куту арқылы алған болатынбыз. Қазіргі таңда үй тұрғызып, сол жерде тұрып жатырмыз. Алайда қазіргі таңға дейін ешқандай коммуналдық қызмет көшемізге жүргізілмеген. Қандай уақыт аралығында коммуналдық қызмет көрсетілетіндігін және осы мәселені шешуіңізге көмектесуіңізді сұраймын. Еркінқала селосы, 46 көше, 48 уч. тұрғыны Уйсенов Салауат Хамиевич

Администратор 03.06.2013

2012 жылы Еркінқала елді мекеніне электр желісі жүргізілді. Қазіргі уақытта электр қуатын беру жұмыстары қарастырылуда. Үстіміздегі жылы газ желісін жүргізу үшін қаражат бөлініп, жоспарлы жұмыстар басталды. Ал, су құбырын жүргізу қаражаты 2014 жылдың жоспарына енгізілді.