АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Ажигалиев Артур 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрманғазы ауданы Утера селосынын тұрғыны атынан, Котяевка мен Утераны қосатын жолымыздың көпірлерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатырғанын көріп отырмыз, ал жолдың өзі жөнделеме?

Администратор 03.06.2013

Қазіргі таңда республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінің аздығына байланысты көпір өткелдері жөнделуде. Осыған орай облыс әкімдігі тарапынан үстіміздегі жылы «Ганюшкино-Приморье-Утера-Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолын жөндеуге қосымша қаржы бөлу мақсатына ҚР Көлік және коммуникация министрлігіне ұсыныс берілді.