АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 55
  • Жауаптар: 55
  • 26.09.2013
  • 30.09.2013
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы

Назым 30.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

СӘЛЕМЕТСіЗДЕР МЕ? МЕН 3-ШІ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКПІН! КҰЛАҒЫМ АППАРАТПЕН ЕСТИДІ.ЖҰМЫСКА ТҰРАЛМАЙ ЖҮРМИН! ЖӘНЕ БАСЫМДА БАСПАНА ЖОК БАСПАНА АЛУГА КАЙ ЖЕРГЕ БАРЫП ТИРКЕЛСЕМ БОЛАДЫ.БАСПАНА АЛУЫМА БОЛА МА? ЖАНЕ ПАЙЫЗССЫЗ НЕСИЕ АЛУЫМА БОЛА МА? ЖЕКЕ КӘСІППЕН ДЕ АЙНАЛЫСКЫМ КЕЛЕДИ.КАНДАЙ МҮМКІНДИКТЕР БАР? НАЗАРЛАРЫНЫЗГА РАХМЕТ ІСТЕРІНІЗГЕ ӘРДАЙЫМ ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІН!

Администратор 02.10.2013

Жұмыспен қамту көмегін көрсету үшін Сіз тұрақты мекен жайыңыз бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады. Лайықты жұмыс табылмаған жағдайда, ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға қатысуға немесе қалада сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға баруыңызға болады. Жұмыс іздеген азаматтарға көмек көрсету үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы жүзеге асырылады. Сондықтан, Жұмыспен қамту орталығына барып, әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасуға болады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушылардың төлем ақысының орташа көлемі 52 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, 12188 теңге шәкіртақы төленетін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына баруыңызға болады. Бұдан басқа, қаладағы жұмыспен қамту бөлімдерінде жұмыс берушілерден түскен Сізге лайықты бос жұмыс орындар туралы мәлімет болса, жолдама беріледі. Жұмыспен қамту көмегін алу үшін тұрақты мекен жайыңыз бойынша аудандық жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуға болады (байланыс телефоны 2616771).