МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 25.06.2013
  • 27.06.2013
  • Маңғыстау облысының әкімі

Табылғанова Жанат 27.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Алик Серікұлы! Мен "жилстройсбербанк"АҚ филиалының салымшысымын.Үй қашан беріледі?

Администратор 27.06.2013

Құрметті Жанат! Сұрағыңызға рахмет! "Аққу" шағынауданындағы тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру жобалау кезінде жіберілген қателіктерге байланысты 2014 жылға ауыстырылды. Құрылыстың жүру барысымен тікелей танысып, құрылыс сапасына байланысты менің және басқа да құрылыс мамандарының тарапынан үлкен сын айтылды. Көзделген межеде Сіздің көптен күткен пәтеріңіздің кілтін алуыңызға тілектеспін. Құрметпен, А. Айдарбаев.