ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Айжанова Нұргүл Мақсұтқызы 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Қорқыт ата әуежайына халықаралық мәртебе алу жұмыстары қандай жағдайда ?

Администратор 24.07.2013

Құрметті Нұргүл Мақсұтқызы! Бүгінгі таңда Қорқыт ата әуежайында жолаушылар терминалын салуға орай техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткізіліп қыркүйек айында дайын болады. Осы құжаттар дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарына ҚР Көлік және коммуникация министрлігі арқылы республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады. Негізі әуежайға «халықаралық» мәртебесін алсақ, өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру мақсатында, инвесторларды шақыруға оң септігі тиеді. Терминал құрылысы аймақ үшін маңызды инфроқұрылымдық жобалардың бірі болады.