ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Н.М. САДУАҚАСОВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қостанай облысының әкімі Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 61
  • Жауаптар: 61
  • 10.09.2013
  • 12.09.2013
  • Қостанай облысының әкімі

искалиев Ж.А. 12.09.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Нұралы Мұстафинұлы ! Қазіргі кезде ақпарат құралдарынан жат діни ағымдар жайлы хабарлар оқып немесе көріп жатамыз. Аталған ұйымдардың мақсаттары және қызметтері дәстүрлі дінімізге жат екені айдан анық. Осы жат діни ағымдар туралы халықтың, әсіресе жастар арасында таралуын алдын алу жөнінде іс - шаралар мемлекет тарапынан жүргізіле ме?

Администратор 12.09.2013

Сәлеметсізбе. Қостанай облысында халықтың діни сауаттылығын көтеру мақсатында тақырыптық ақпаратты-насихаттау тобы құрылған. Топтың құрамында ғалымдар, теологтар, мемлекеттік қызметкерлер. Топ мүшелері қала, аудан, жастар және жұмыссыз тұрғындар арасында ақпаратты-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Сонымен қатар баспасөз ақпарат құралдарында да жеткілікті түрде тиісті ақпараттар және мақалалар жарияланып тұрады. Облыстық ақпаратты-насихаттау тобының қызметі мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіруге, жат діни ағымдар идеясының таралуын алдын алуға, халықтың мақсатты топтары арасында Қазақстан үшін дәстүрлі діндердің құндылығын насихаттауға бағытталған.