МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 25.06.2013
  • 27.06.2013
  • Маңғыстау облысының әкімі

Боташева Айгул Таукелқызы 26.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Салематсыз ба Айдарбаев Алик Серикович мырза! Мен Боташева Айгул Таукелқызы боламын. Ақтау қаласының тұрғынымын. Мен 2003тен бері үйдін кезегінде тұрмын, міне осы жылы 10жыл болады. Озім жалғыз басты анамын, 1 қызым, 1ұлым бар, 2еуіде студент. Табқан табысым осылардын оқуы мен патерақыға кетеді. Жалғыз озім балаларымды үйсіз күйсіз өсіру қиын. Сізге сұрақ қоюға болат дегенді ақпараттан естіп жазып отырмын. Осыдан 4 жыл бұрын 200 орында едім, қазір 198 орындамын. Кезек мүлдем жылжымайды. Осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін. Өтініш.

Администратор 27.06.2013

Құрметті, Айгул Таукелқызы. Сіздің мәселеңіз бойынша,Сіз Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтарының тұрғын үй алу тізімінің кезегінде, толық емес отбасы ретінде, 12.02.2004 жылы берген арызыңызға сәйкес, 01.01.2013 жылы №197 болып тіркеліп тұрғаныңыз анықталды. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрғын үй алу есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі делінген. Тұрғын үй бөлу мәселесі азаматтардың тұрғын үй алу тізімінің кезегіне тіркелген уақытына байланысты қаралып отырады. Айта кетсек, соңғы үш жылда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тапсырылмауына байланысты, тізім кезегінің жылжымағаны рас. Сондықтан, Сіздің тұрғын үй мәселеңіз коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй қолданысқа берілген кезде, тізім кезегіңізге сәйкес қаралып шешілуі тиіс екендігін қаперіңізге беремін. Құрметпен, Алик Айдарбаев.