АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Жукашев Орынгали 28.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен Жукашев Орынгали 2-ші топтағы , Әскери көз мүгедегімін , соқырлар қоғамының мүшесімін . Тұрғын үйге мұқтаж Әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына жататын 2-ші топ мүгедектер тізіміне 2007 жылдың, 3 шілдесінен бастап қызымыз екеуіміз тіркелгенбіз,бүгінгі күнде кезектегі реттік санымыз № 901 . Алатын жәрдем ақым 26 728 теңге ,қызым колледжде күндізгі оқудағы 2-ші курс студенті, жеке баспанамыз жоқ, Ж.Молдагалиев к-сі,33 "А" үй, 41 пәтерін "еш жағдайы жоқ , бұрынғы жатақхананың бір бөлмесін қызым екеуміз 20.000 теңгеге жалдап отырмыз ".Үй кезегін күтіп отыратындай еш мүмкіндік жоқ,жағдайымыз өте ауыр,соқырлығымнан басқа асқазанымныңда ойық жарасы бар, дәрігерлік көмекте алалмаймын, дәрі-дәрмекке күнделікті күн көріскеде қаражатым жоқ.Сол себепті үй мәселесін шешіп, пәтер беруіңізді сұраймын.

Администратор 03.06.2013

Сіз 2007 жылдың 3 шілдесінен бастап тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына жататын отбасылар тізіміне тіркелгенсіз. Бүгінгі күні кезектегі реттік саныңыз - №901. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес мемлекет тарапынан тұрғын үй алу тізіміне енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер де осы Заңда өзгеше көзделмесе, осы тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің басымдық құқығы болмайды. Сондықтан, өкінішке орай, жуық арада тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік жоқ. Өтінішіңіз заң талаптарына сәйкес қанағаттандырылады.