АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Абылай Баймурзин 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Геолог селолық округінің Мирас елді мекеніндегі бітпей қалған балабақша құрылысының тағдыры не болмақ? Көп жылдан бері халықтың күтіп жүрген балабақша құрылысы қашан аяқталады?

Администратор 03.06.2013

Бұл мәселе маған таныс. Балабақшаның тиісті құжаттарының жарамдылық мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қайтадан жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Аталған құжаттар жаңартылғаннан соң құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отыр.