АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Атырау oблысының әкімі Ізмұхамбетов Бақытқожа Салахатдинұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 35
  • Жауаптар: 35
  • 28.05.2013
  • 30.05.2013
  • Атырау облысының әкімі

Жуматов Батырбек 29.05.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Облыс, қала әкімінің есепті кездесулерінде үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні жөнінде айтылған болатын. Міне, көктем де келді, жоспарланған жұмыстар әлі басталған жоқ. Қашан басталады?

Администратор 03.06.2013

Биыл қала бойынша «ҚР тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша 46 көп қабаттты тұрғын үйге (оның 11-і - Балықшы кентінде) жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ұйымдастыру жұмыстары жүруде. Бағдарламаның талабы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрғындардың келісімдері алынып, үйлерге техникалық паспорттар жасақталып, кондоминиум нысаны ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуде. Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жөндеу жұмыстары басталады. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС және «Ембімұнайгаз» АҚ, өзге де мұнай компаниялары қаланың 67 тұрғын үйінің қасбетін жөндеуге демеушілік көрсетіп отыр.