ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 57
  • Жауаптар: 57
  • 16.10.2013
  • 18.10.2013
  • Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы

е.ж. қабденов 18.10.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

етті мал шаруашылығын дамыту үшін ең алдымен жемшөп базасын қалыптастыру қажет. осы тұрғыда қандай жұмыстар жүргізілуде?

Администратор 18.10.2013

Облыс аумағында 2 млн. га жайылым бар, соның ішінде 1311,7 мың га жер шабындық. Аймақта жемшөп базасын қалыптастыру, жемшөп өндірісін дамыту, суармалы жерлерді көбейту бойынша облыс әкімдігімен арнайы іс-шаралар жоспары қабылданды. «Павлодар АШҒЗИ» ЖШС 14 га алқапқа көп жылдық шөп пен жаңа альтернативті жемшөп дақылдарын (чумиза, сорго, африкалық тары) отырғызды. Эспарцет, тарақ бидайық, айыр лотустың тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында облыс бюджетінен 12 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда осы бағытта ауыл шаруашылығы субъектілеріне тарату үшін айыр лотус тұқымы дайындалуда. Аймақтың бірқатар ірі шаруашылықтары көп жылдық дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымдарын өздері өндіре бастады. Осы бағытты одан әрі дамыту үшін мал азығы дақылдары бойынша 5 тұқым шаруашылығын құру жоспарланған. Өткен жылдары егілген көп жылдық шөптің құнарлығын арттыру үшін ағымдағы жылы 93,6 мың га алқаптағы шөпке тамырлық және үстіңгі қабатты жақсарту жұмыстары жүргізілді, 29 мың гектарға көп жылдық шөп себілді. Осындай жұмыстарды уақытында әрі сапалы жүзеге асыру арқылы өңірде етті мал шаруашылығын қалыптастыруды көздеп отырмыз.