ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫН ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлының қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 57
- Жауаптар: 57
- 16.10.2013
- 18.10.2013
- Павлодар облысының әкімі - Арын Ерлан Мұхтарұлы
шабдарбаев қабиден 18.10.2013, Сұрақ нөмірі:
құрметті аймақ басшысы! Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету салаларында мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді жүзеге асыруда қандай жұмыстар жүргізілуде?
Администратор 18.10.2013
Халыққа қызмет көрсету мекемелерімен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның орындалу барысына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, сауда орталықтарында, дүкендерде, дүңгіршектерде және асхана, мейрамханаларда меншік нысанына қарамай (қызмет көрсету, тауар атаулары, ас мәзірі т.б.) тіл заңнамасының орындалуы бақылануда. Облыс тұрғындарына қызмет көрсету мекемелерінде түбіртектер екі тілде ресімделеді (жылу-энергия, спецмашина, водоканал, домофон, телефон, G-Media және тұрғындарды қала ішінде тасымалдау көліктегі билеттер). Қалалық «Павлодар Әуежайы», «Павлодар темір жол сапаржайы», «Автобус сапаржайы» анықтамалық-ақпараттық қызметтерін Заңға сәйкес екі тілде жариялауда.