ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.
- Сұрақтар: 49
- Жауаптар: 46
- 23.07.2013
- 25.07.2013
- Қызылорда облысының әкімі
Ахметова Жаннат 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:
Осы жуырда республикалық телеарналардың бірінен Қорқыт Ата ескерткішін ЮНЕСКО тізіміне енгізіді дегенді құлағым шалды. Осы рас па?
Администратор 25.07.2013
Рас, Жаннат. Қорқыт бабаға арналған мемориалдық кешен жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына жатады. Алайда, ЭКСПО-2017 көрмесінің жоспарына Байқоңыр ғарыш айлағымен қатар Қорқыт Ата кешенін енгізу үшін кешенді зиярат ету орнына айналдыру, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу және әлемдік туристік маршруттың нүктесіне айналдыру жолында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Көркемдік деңгейі жоғары, тарихи-мифологиялық мән-мазмұны терең, архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай Қорқыт Ата мемориалдық кешенінің жаңа жобасын түркі дүниесіне паш ету мақсатында және 2013 жылғы 28 қаңтарда өткен мәжіліс хаттамасының «Облыста туризм индустриясын дамыту бағытында іске асырылып жатқан жобалар туралы» тарауының 2-тармақшасына сәйкес облыс бойынша туристік маршрут қатарына енгізілген, ұлы жолдың бойында орналасқан Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне қайта жаңғырту, реконструкция, құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында жаңаша эскиздік жобасын дайындауға және тың идеялар үшін ашық конкурс ұйымдастырылған болатын. Аталған байқау нәтижесінде белгілі архитектор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бек Ыбраевтың эскиздік жобасы үздік болып танылды. Жоба аясында үлкен жұмыстар жүргізіліп, кешенді әлемдік туристік маршруттың нүктесіне айналдыру жолында жұмыстар жүргізілуде.