АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ З.Ж. АМАНЖОЛОВАМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Жұманәліқызы Аманжоловамен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 55
- Жауаптар: 55
- 26.09.2013
- 30.09.2013
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары - Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы
Нұрғиса 27.09.2013, Сұрақ нөмірі:
Мен, Ерменсай ауылында Жасыл Беслес көшесінде орналасқан № 2-үйден пәтер алып едім, сұрағым, жоғарыда көрсетілген мекен жайдағы үй алматы қаласы аумағына кірдіма?
Администратор 30.09.2013
«Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылы 12 мамырында № 77 және 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 385 Жарлығына сәйкес Алматы облысының Қарасай, Талғар және Іле аудандары жерінің біршама бөлігі Алматы қаласының аумағына енгені рас, бірақ бұл сұрақтарға тиянақты және дұрыс жауапты алу үшін Алматы қаласының жер қатынастар басқармасының 8 7272-378-47-16 номеріне телефон қоңырауын шалып жауап ала аласыз.