ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Б.САПАРБАЕВПЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевпен қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция
- Сұрақтар: 50
- Жауаптар: 0
- 01.10.2013
- 03.10.2013
- Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Ерлан Тоныкок 01.10.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бердібек Машбекұлы! Менің сізге қояр саулым тарихи-мәдени ескерткіштерге қатысты болмақ. Бүгінгі таңда елбасымыз Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан "Халық-тарих толқыныда" бағдарламасының аясында облыс көлемінде тарихи ескерткіштерге қатысты қандай шаралар атқарылып жатыр. Облыстың 2006 жылы жарық көрген "Тарихи-мәдени ескерткіштер жиынтығы" мүлде сын көтермейді. Облыста Бұлақ ГЭСі, Сарыбұлақ газдандыру жобасы, Өскемен қала маңы т.б. сияқты үлкен индустриялық жобалар іске асып жатқанда құндылықтарымыз осылардың астында қалып жатыр. Осыған байланысты нақты жобаларымыз бар еді. Оларды облыстық "Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық мекемеге" ұсынсақ, оның бастығы Т. Сүлейменов тіпті керекте қылмайды. Осындай ескерткіштерге жаны ашымайтын адам сол мекемені қалай басқарып отыр. Оның селқостығының астында талай ескерткіштер құртылып жатыр. Осы біз ұсынатын жобаларды озіңіз қолдап қадағалап жүзеге асырамыз депген үміттенеміз.