ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС БОЙЫНША АГЕНТТІК (ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ) АППАРАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ М.И.СЕКСЕМБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ "ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ - 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ" ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша агенттігі Елбасының "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде. бір болашақ" Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жолдары мен түсіндіру бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылдың 26 мамырында "Электрондық үкімет" веб-порталында жарияланатын болады.
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 26.05.2014
- 26.05.2014
- Руководитель Аппарата
Токубаева Саяхат Муратовна 26.05.2014, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе? Сізге қояр сұрағым, тиісті министрлік басшысының блогына жасырын түрде жазылған арыз-шағымдарды қазіргі таңда қандай заңнамалық актіге сәйкес қарастырады? Әлде оларды қарастыру заңсыз ба?
Администратор 29.05.2014
Құрметті Саяхат! «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» ҚР Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар болған және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуі тиіс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш қарастыруға жатпайды.