МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ А.С. АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Маңғыстау облысының әкімі Алик Серікұлы Айдарбаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 25.06.2013
  • 27.06.2013
  • Маңғыстау облысының әкімі

Жадрасинов Руслан Есболович 27.06.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Ассалаумагалейкум Алик Серікұлы! Мен Жадрасинов Руслан Құрық кентінің тұрғыны. 2005 -2011 жылдар аралығында Ер-сай компаниясында (труба монтажник) мамандығымен жұмыс жасадым. Ереуілдан кейін жұмыстан босатылдым. Қазіргі таңда жасап жүрген жұмысымның табысы аз болғандықтан Ер-сай компаниясына жұмысқа қайта орналастыруды сұраймын. Жанұямда төрт адам, мен жалғыз табыскермін. Менің өтінішімді қарастыруыңызды сұраймын.

Администратор 27.06.2013

Құрметті Руслан Есболұлы! Сіздің сұрағыңыз қабылданды, сұрағыңызға рахмет. Үстіміздегі жылдың 17 маусым күні Қарақия ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен кеңейтілген жиналыс өткен болатын. Сол жиналыста көтерілген мәселе Қарақия ауданы тұрғындарының жұмыссыздық мәселесі. Аталған жиналысқа Ерсай компаниясымен оған сервистік қызмет көрсетуші серіктестіктер басшылары қатысқан болатын. Сол жиналыста белгілі болғандай Ерсай компаниясында дәнекерлеушілер мен темір құрылғыларын монтаждаушы мамандықтары бойынша бос жұмыстары пайда болып отыр. Осыған байланысты Сіздің, әлеуметтік тұрмыс жағдайыңызды ескере отырып, мамандығыңыз бен біліктілігіңіз сәйкес келген жағдайда Ерсай компаниясына ұсынып, нақты тапсырмалар берілетін болады. Қабылданған шаралардың нақты нәтижесі бойынша Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны 872937 21561.Бөлім басшысы Қайрат Рысбаев Ізгі ниетпен, А. Айдарбаев