ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Самалов Амангелді Мөңкебайұлы 24.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Сізге Қызылорда қаласы, Сәулет 33 квартал тұрғындары атынан № 13892 санды сауал қойғанмын, бірақ мен Сіздің Берген №9203 санды жауабыңызға қанағаттанбадым. Мен Сізден Сәулет ауданына емес Сәулет 33 кварталына осы алдағы 2 жылда өзгеріс бола ма, болмай ма соны сұрағанмын. Соған құзырлы орындардан нақты жауап алып берсеңіз. Алдынөала рахметімді айтамын.

Администратор 25.07.2013

Құрметті Амангелді! Қызылорда қаласы «Сәулет» тұрғын ауданы №6,7,8,12,14,15,18,19,20,21,33,34 көшелеріне тас жол құрылысын жүргізу үшін ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын тас жолға 74 435,0 мың теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленді. Сондай ақ, «Сәулет» тұрғын ауданы, оның ішінде «Сәулет 33» және сол маңда орналасқан 10 көшеге ауыз су жүйесін жүргізу мақсатында биылғы жылға республикалық бюджеттен 50 миллион теңге қаражат қаралып, ол қаражатқа осы аталған көшелерге және қала аумағындағы аудандарға ауыз су жүйесін жүргізу ұшін жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба құны анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстарына кететін қаржы көлемі республикалық бюджет есебінен жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылатын болады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, Сәулет мөлтек ауданындағы көшелерге қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 7 шілдедегі №28/11 шешімі және қала әкімінің №1459 қаулысына, сонымен бірге қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы №24/4 шешімі мен қала әкімінің №2265 қаулысымен «Сәулет» мөлтек ауданындағы көшелерге «Сәулет – 1 көшесі», «Сәулет – 2 көшесі» рет-ретімен «Сәулет – 36 көшесі» болып 36 көшеге реттік санмен көше атаулары берілген және көше атаулары жазылған тақтайшалар орнатылған.