ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Абдиров Қайрат Раушанбекұлы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қырымбек Елеуұлы осы қаламыздың Түркістан көшесіндегі 1200 орындық мектеп пайдалануға қашан беріледі?

Администратор 25.07.2013

Қайрат, осы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрғанынан белгілі. Қазіргі таңда қаржы мәселесі толығымен шешіліп нысан ағымдағы жылдың тамыз айында нысан пайдалануға беріледі. Сәтін салса, осы аудандағы оқушылар қыркүйекте жаңа мектепке барады.