ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Қ.Е. КӨШЕРБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» интернет-конференция.

  • Сұрақтар: 49
  • Жауаптар: 46
  • 23.07.2013
  • 25.07.2013
  • Қызылорда облысының әкімі

Есқабылов Олжас Мырзалыұлы 25.07.2013, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен шиелі ауданының тұрғынымын, қояр сауалым мынадай: "менің анам 2-ші топ мугедегі, 1948ж кісі, анам казіргі уақытта мугедектікке шыққа - енді зейнеткерлікке ауысуы ушін қай органдарға бару керек және нақты маліметті зейнетақы қанша болатынын, мүгедектікпен айырмашылығы қандай екені жайлы қайдан алуға болады және ол ушін қандай құжаттар керек? - 2-ші топ мүгедек кісілерге жазғы маусымдарда демалыс орындарына тегін немесе жеңілдіктермен жолдамалар бөлінеді ма? егер бөлінетін болса, онда ол жолдамаға ие болудың жолдары мен шарттарын айта өтсеңіз..."

Администратор 25.07.2013

Құрметті Олжас! Анаңыз зейнеткерлікке ауысуы Шиелі аудандық зейнетақы төлеу орталығына өтінішін білдіруі қажет. Бүгінгі күні 2 топ мүгедегі жәрдемақысының мөлшері 19780 теңге, оған қоса жеңілдік орнына 2469 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Анаңыз 1948 жылы туған болса, қазіргі уақытта жасына байланысты базалық зейнетақы төлемі қосылып төленуде. Енді ауысқан жағдайдағы мөлшеріне келетін болсақ, егер анаңыздың стажы 20 жыл болса, онда 19066 теңге мөлшерінде зейнетақы тағайындалып, оған қоса 9330 теңге базалық зейнетақы төлемі жалғастырылады. Сондай-ақ, 2 топ мүгедегі болғаны үшін зейнетақысын 19780 теңге жәрдемақысына жеткізу үшін 714 теңге қосымша төленеді. Сонымен қатар, мүгедек жандарға мемлекет тарапынан сауықтыруға тегін жолдамалар қарастырылған. Жолдаманы алу үшін Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркеліп өтініш жазуыңыз қажет. Анаңыздың сауығып кетуіне тілектеспін.